ТЖМ Ақмола облысында суға батып кеткен екі бала туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ақмола облысында мұндай дерек тіркелді. Балалар батып кеткен су айдыны, өзен де, көл де емес. Бұл - қардан жиналған су. Ол 150-200 метрді құрайтын шығар. Оған дейін бір күн бұрын сол үйдің баласы мен қонаққа келген ағасының баласы әкесінен сол суға барып түсуге рұқсат сұрайды. Бірақ әкесі рұқсат етпейді, - деді ол.
Сыздықов айтқандай, әкесінің рұқсат етпеуіне қарамастан екінші күні үш бала суға шомылуға барады.
Үшінші бала - інісі үйге келіп, екі баланың құтқаруға адам шақырып жатқанын айтады. Әкесі судан өзінің баласының денесін алып шығады. Ал екіншісін таба алмайды. Біздің қызметкерлер екінші баланың денесін табады. Бұл жерде қауіпсіздік туралы қанша айтсақ та, қайталанып жатыр, - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде үй жануарларына вакцина салына бастады
Өзгелердің жаңалығы