ТЖМ: Абай облысындағы орман өрті тұрақтанды

Таңертеңнен бастап өртке қарсы күрес қызметі ормандағы өртті сөндіру жұмыстарына қайта жұмылдырылды. Өрт аймағына өрт сөндіру бригадалары мен орман шаруашылығы қызметкерлерін қолдау үшін қосымша отрядтар жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев "Восток" РМҚК қосымша 200 әскери қызметші мен 8 бірлік техниканы орман өртін сөндіру жұмыстарына көмек ретінде жібергенін атап өтті.

Принебесное, Успенка, Каштак, Талица ауылдарының аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қосымша күштер Жетісу, Алматы, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Қарағанды қалаларынан келуде. Бүгін таңертең "Восток" РМҚК-ның 200 әскери қызметшісі мен 8 техникасы шықты. Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы жалғасады. Республикалық және облыстық штабта "Қауырт желі" телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Таңғы сағат 7-де аэровизуалды тексеру жүргізілді, - деді Уранхаев.

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов өрт орнындағы жағдай тұрақтана бастағанын растады.

Бүгін таңертең өртті сөндіру жұмыстары жалғасты. 8 тікұшақ, сондай-ақ техника мен жеке құрам өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Құрғақ және ыстық ауа-райына байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындық туғызуда. Дегенмен, орманшылар мен өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып, барлық күштер мен құралдар сөндіруге бағытталды. Өрт орнындағы жағдай тұрақталды, Қорғаныс министрлігінен қосымша күштер тартылды. Экология министрлігінің бірінші вице-министрі және Төтенше жағдай министрлігінің вице-министрімен бірлесіп аэровизуалды тексеру жүргізуде. Біз өртті сөндіру үшін барлық шараларды қолданудамыз, - деді Дербісов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы