ТЖМ 130-дан астам волонтерлық ұйымдармен жұмыс жасайды - министр

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзімнің және Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан сіздерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтаймын!
Волонтерлық ұйымдар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында өз қызметтерін жүзеге асыруда, бұл кәсіби құтқарушыларға үлкен көмек. Волонтерлар өз жұмысының тиімділігін түрлі төтенше жағдайларды жоюда, атап айтқанда Қостанай мен Абай облыстарындағы орман өрттері, Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтау объектісіндегі апат, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жойқын су тасқыны, Алматы қаласындағы сел тасқыны мен Түркияда орын алған жер сілкінісі кезінде көрсетті, - деп жазды ол.

Бүгінде ТЖМ 130-дан астам волонтерлық ұйымдармен өзара жұмыс жасайды.

Тек шын мәнінде мейірімді, жанашыр және батыл адам ТЖ волонтеры бола алады. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен, игі істеріңізбен, жанашыр қабілеттеріңізбен, жеке уақыттарыңызды бөліп, жоғары азаматтық жауапкершілік пен шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетесіздер! Төтенше жағдайлар министрлігі Сіздердің мейірімділіктеріңіз, немқұрайлылықтарыңыз, жауапты және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою ісіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін алғыс пен ризашылық білдіреді. Сіздерге шын жүректен денсаулық, шығармашылық табыс, бақыт және Қазақстан Республикасының өркендеу жолындағы істеріңізге сәттілік тілеймін!, - деді Сырым Шәріпханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы