ТЖК өкілі Көкшетауда қанша үйді су басқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков Көкшетаудағы су тасқыны жайлы айтып берді.
«Бүгін сағат 4:50-де Қылшақты өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп кетті. Соның салдарынан өзен арнасынан тасып, Көкшетау қаласындағы 6 тұрғын үй мен 15 ауланы су басты. Қазіргі уақытта үйлерден суды сору, Қылшақты өзенінің жағалауларын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Марат Күлдіков Үкімет кулуарында берген сұхбатында.ТЖК өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта су деңгейі төмендей бастады.
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша айтсам, Қаратал ауылының 171 тұрғыны бұл ауылдан жоғарыда орналасқан Құлытау ауылына көшірілді. Бүгінгі күні су деңгейі 24 сантиметрге төмендеді. Су тасқыны қаупі сақталады. Дегенмен, су деңгейі төмендегеннен кейін айтарлықтай қауіп бола қоймайды», - деді Марат Күлдіков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет құрамы ауыспайды: Тоқаев
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы