ТЖК-да Көкшетаудағы су тасқынына қарсы күрес жайында айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде қалада 6 үй мен 15 аулалық учаскені су басты. Құтқарушылар тиісті шаралардың барлығын көрсетіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков хабарлады.

«2 сәуір таңғы сағат 4:50-де Қылшақты өзенінде бірден су деңгейі көтерілді. Содан өзен жағадан асып, жақын маңдағы 6 үй мен 15 аула учаскесіне кіріп кеткен. Қазіргі күні инженерлік жұмыстар, баспаналарға кіріп кеткен суларды тарту бойынша жұмыстар атқарылуда», - деп баяндады Үкімет отырысынан кейін Марат Күлдіков.

Қазіргі таңда оның айтуынша, судың деңгейі төмендей бастады. 

«СҚО қатысты мәліметтер бойынша, Қаратау ауылының 171 тұрғыны Ұлытау ауылына орналасқан, қазір судың деңгейі 24 см төмендеді», - дейді төраға орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы