ТЖД: Тасқын су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі елді мекендерге қауіп төндіруде

Атырау облысы ТЖ департаментінің мәліметінше, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау маңындағы 1-5 нөмірлі учаскелер қауіпті аймақтар болып қалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

ТЖ департаменті басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, қазіргі уақытта су Алмалы және Бесікті ауылдарына жақындады. 

Бүгінде елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қорғаныс бөгеттері шатырмен (шифер) қосымша бекітіліп жатыр. Дамбылар қосымша биіктетіліп, арналар тереңдетілуде. Ағынды су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі барлық елді мекенге қауіп төндіруде, - деді Руслан Шариев.

Айта кетейік, Атырау мен оның маңында қорғаныс бөгеттерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен еріктілер жұмылдырылды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы