ТЖД: Катонқарағайдағы өрт ауыздықталды

"Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалы аумағындағы өрт тежелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

18 маусымда сағат 14:00-де "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалы аумағындағы өрт шамамен 15 га тежелді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Катонқарағай ауданындағы "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында жетуі қиын таулы жерде өрт шыққаны белгілі болды. Орман рельефіне жету қиын болғандықтан, ШҚО әкімдігі авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылғаны анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы