ТЖД астаналықтарға қала сыртына шықпау керектігін ескертеді

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері елордада қарлы боран, көктайғақ және температураның төмендеуі болуы мүмкін. Құтқарушылар тұрғындардан қала сыртына шықпау керектігін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 26 және 27 қарашада Астанада ауа температурасы күндіз 22-24 аязға дейін, түнде – 30-32 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін, 25 қарашада қалада қарлы боран соғып тұр.

Ауа райының нашарлауына, көрінудің шектелуіне, ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына күн райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы метеорологиялық қорытындыларды (оның ішінде Darmen қосымшасы арқылы) қадағалауды, қала шетіне шықпауды, сақ болуды кеңес етеді.

Төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына қоңырау шалу керек.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні таңертең елорда көшелерінің қарын күреуге 2,5 мыңға жуық жол жұмысшы шығып, 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы