ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД 12 желтоқсан күні түнде қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түсетінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтарды тауға шықпауға, сондай-ақ 112-қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауын өтініп сұраймыз! 

Автокөлік иелеріне көлігін ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға кеңес береміз.

Ең қауіпсіз орын тауып не болмаса арнайы тұраққа қойған дұрыс, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы