ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

18 сәуірде Алматыда жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының төенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» мәліметін ескере отырып, 18 сәуір, сейсенбі күні түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауатынын, сондай-ақ, жолда көктайғақ, тұман болатынын ескертеді. Түннің бірінші жартысында солтүстік-батыстан екпіні секундына 15 метр болатын күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта ауа райының күрт салқындауына байланысты құтқарушылар тұрғын үйді газ плитасымен жылытпау, электр желілерді шамадан тыс пайдаланбау керектігін еске салады.

ТЖД тек ақаусыз электр қондырғыларын қолдануға шақырды.

Ағаштар мен бұта тамырларын аяздан қорғау үшін жер бетіне гумус, шымтезек субстраты және ағаш үгінділерін төсеуге болады. Олар ауаға толы борпылдақ қабат қалыптастырып, жылуды сақтайды. Өсімдіктерді аяз басталған кезде пленка немесе спунбонд материалдармен жапсаңыз, жылу жинап үлгермей қалуыңыз мүмкін. Егістікке арналған жерлердің жылуын сақтау үшін аталған іс-әрекеттерді алдын ала жасау қажет, - деп ескертті ТЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: almaty.tv
Өзгелердің жаңалығы