ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуі негізінде Алматыда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство тұрғындарды жел соққан кезде көпір, қойма, ағаштардан алшақ болуға шақырады.

Адамға бұтақ, шифер бөліктері, жол белгісі құлауы мүмкін. Қирауы ықтимал ғимараттардан, қалқан, павильондардан, шамдардан алыстау тұрған дұрыс. Мүмкіндік болса жерасты өткелі, метро станциясы немесе берік ғимараттарда уақытша жасырынуға болады, - деп ескертті ТЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: qazaly.kz
Өзгелердің жаңалығы