ТЖД: Ақтөбе облысында 2018-2019 жылдағы жылыту маусымында 169 өрт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін пештерді әктеп, мұржаларды тазарту керек. Бүгін төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымына дайындықтың басталғанын айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Азаматтық қорғаныс 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіреді. Яғни, жеке үйдің тұрғындары піштерін қарап, мұржа ішін тазартып, ауа алмастыру жүйелерін тексеруі тиіс. Сонымен қатар дабыл жүйесін қондыру ұсынылды.

«2018-2019 жылдағы жылу маусымында 169 өрт болды. Барлығы 13 миллион теңге материалдық залал келді. Табиғи газбен және улы газбен улану дерегі жылыту маусымында артатыны белгілі. Өткен жылы 5 адам көз жұмып, 21-і жараланды. Мерт болғандардың екеуі бала», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асқар Төлешов.

Төтенше жағдайлар қызметі дабыл жүйесін қондыру үшін облыс әкімдігінен қаржы сұрады. Егер бюджеттен қаржы бөлінсе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға тегін қондырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы