ТЖ зардап шеккен кәсіпкерлерге несилерін қайтару үшін 3 ай уақыт беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен заңды тұлғалардың қарызы 3 айға кейінге қалдырылады. 

Бұл туралы ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары Ернар Оразбаев мәлім етті. 

ТЖ кезінде зардап шеккен азаматтар несиені кейінге қалдыру үшін өтінішті барлық байланыс құралдары арқылы немесе сол қаржы ұйымдарының бөлімшелеріне барып тапсыруға болады. Пандемия кезінде төлемдерді кейінге қалдыру процедурасы несие берушіге жүгінуге жеткілікті уақыт берілді. Нақтырақ айтсақ, 3 ай уақыт. Яғни,5 қаңтар төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап 4 сәуірге дейін уақыт беріледі. Айта кету керек, кейінге қалдыру төтенше жағдай енгізіліген уақыттан бастап есептеледі, -деді Ернар Оразбаев. 

Оның айтуынша, егер 3 ай уақыт жеткіліксіз болған жағдайда азаматтар қаржы ұйымдарымен дербес келісімге келе алады. 

Біз түсініп отырмыз. Кейбір зардап шеккен кәсіпкерлердің мүлкіне көп зардап келді. 3 ай аз уақыт болуы мүмкін. Егер үш айдан көп уақыт керек болса онда қаржы ұйымдарымен басқа да дербес ұзақ шарт қарастырылуы мүмкін, -деді ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы