ҚТЖ: Вокзалдар вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов төрағалығымен Қазақстан қалалары теміжол вокзалдарының басшыларымен селекторлық кеңес болып өтті.
Серік Әбденов Компания Қазақстанда 16 наурыздан іске қосылған ТЖ режиміне, және де COVID-19 коронавирус індеті пандемиясының бүкіл әлем бойынша жариялануымен байланысты туындаған жағдайға өте байыпты қарайтындығын атап көрсетті.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ төтенше жағдайларды басқару жөніндегі штаб құрылды. Серік Әбденов темір жолдың барлық қызметкерлеріне коронавирус індеті таралуын болдырмау және алдын алу жөніндегі ұсынымдарды қатан ескеру бұйырылғанын еске салды.
- Темір жолдың әрбір қызметкері жоғары азаматтық жауапкершілік таңытып, жеке гигиена шараларын күшейтіп, үнемі қолдарын жуып жүрулері, оларды зарарсыздандыру құралдарымен өңдеуі, барынша медициналық маскаларды пайдалануы және жұмыс уақытында қорғаныштық қолғаптар киюлері тиіс, - деді Серік Әбденов.Кеңес барысында еліміздегі барлық 244 вокзал вирусқа қарсы құралдармен қамтамасыз етілгендігі атап көрсетілді. Осы мақсатқа 20 мың маска, 5 мың литр антисептикалық сұйықтық, 100 мың дана қолғап сатып алынған. Қорғаныштық құралдармен ең алдымен тұрғындармен тікелей байланысатын Компания қызметкерлері: вокзал, билеттерді сататын касса қызметкерлері және жолаушылар пойыздарының жолсеріктері қамтамасыз етіледі. Барлық вокзалдарда СанПиН нормаларына сәйкес тазалық жүргізіледі.
Сонымен, тазарту күніне 4 рет жүргізіледі, ал адамдардың көп шоғырналатын орындарында (күту залдарында, касса залдарында) зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып жүргізілетін іс-шалалар сағат сайын жүзеге асырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бір адам 5 келіден артық азық-түлік ала алмайды
Өзгелердің жаңалығы