ТЖ режимін бұзушылар саны көбейіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 күнде Түркістан облысы бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың 54 жайты анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Мемлекет басшысының қаулысымен осы жылдың 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында республикамызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қадағаланады.Осындай үздіксіз жүргізілген шаралардың барысында облыс полицейлерімен төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар анықталып, оларға хаттамалар толтырылды. Төтенше жағдай кезінде заң бұзғандар бойынша облыс орталығы Түркістанда 12 жайт анықталып, көш бастап тұр.
Арыс пен Шардарада – алты, Кентау мен Келесте – төрт, Жетісай, Шардара мен Мақтааралда – үш, Сайрам мен Қазығұртта – екі, Төлеби, Отырар, Ордабасы және Түлкібаста бір жайттан тіркелген. Сарыағаш ауданында екі бірдей дәмхана иесіне айыппұл салынса, Мақтааралда беташар өткізген 3 бірдей тұрғынға қатысты шара жасалды.
Сақшылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша хаттамаларды толтырып, құжаттарды дер кезінде қалалық, аудандық соттарға жолдады. Сот құзырлығымен 54 жайттың 25-іне шешім шығарылып, 26 мың 510 теңгеден айыппұл салынған.
Бүгінде әлемді шарлап бара жатқан індеттің қауіптілігі ескеріліп, тұрғындардың сақтық шараларын сақтауы барынша қадағалануда. Сондықтан облыс полицейлері ескертеді, төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше медицина мамандарының айтқан талаптарын қатаң ұстанған дұрыс. Әрбіріміз мұндай шаралардың атқарылып жатқандығы ең алдымен өз қауіпсіздігіміз үшін маңызды екендігін ұмытпаңыз, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Коронавируста "командировка" жоқ – Ерболат Дәленов
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы