ТЖ: Қызылордада көпір құлады

Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін жалғап тұрған автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға желі арқылы белгілі болған.

Көпір ескі әрі өз тарихы бар. Бұл жерден өтетін көліктер ағыны өте көп және ондай қандай күйде екендігін көріп тұрмыз, көпір опырылып құлады. Былтыр көпірдің басқа жағында осындай жағдай болған еді. Көпірдің астында көбінесе ересектер мен жастар келіп отырады. Бақытқа орай, бүгін бұл жерде ешкім болмады, ешкім зардап шекпеді, - дейді желі қолданушысы.

Қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі жергілікті тұрғынның көпір туралы айтқанына жауап беріп, көпірдің жаңартылатынын айтты.

Назарбаев даңғылынан Тасбөгет кентіне дейінгі жолдағы көпірдің қасбеті тозу себепті бүлінді... Әрі қарай қалпына келтіру жұмыстарын көпірге жауап беретін мердігер компания жүргізеді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы