ТЖ. Қостанайда жағдай тұрақты

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент пәрменімен еліміздегі бірқатар аймақта төтенше жағдай жарияланған еді. Оның ішінде Қостанай облысы да бар.

Өңірде бейбіт шерулер 4-5 қаңтар күндері болды. Ал 5 қаңтар күні кешкісін тәртіпсіздік жасамақ болған 200-ден артық адам ұсталды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Қазір Қостанайда әлеуметтік маңызы бар нысандарға қатаң күзет қойылған. Ал сауда орындары жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында төтенше жағдай Коменданттық сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін жұмыс істейді! Митингтерге, ереуілдерге, қару-жарақты, жарылғыш заттарды, улы заттарды сатуға тыйым салынды. Көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды, оның ішінде Қостанай облысына кіру және шығу, спирттік ішімдіктерді сату шектелген. Қоғамдық тәртіп, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер, халықтың тыныс-тіршілік объектілері, көліктің жұмыс істеуі күшейтілген қорғауда болады. Жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын тексеруге, заттар мен көлік құралдарын тексеруге жол беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы