ҚТЖ пойызда зорлық көрген жолаушыға өтемақы төлеуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ сот үкімімен пойызда зорлық көрген жолаушыға өтемақы төлеуге дайын. Бұл туралы ИИДМ-де өткен жиын барысында белгілі болды.

«Сот болды, бірақ үкім әлі күшіне енген жоқ. Біз үкім күшіне енгеннен кейін толық құқықтық баға беріледі деп ойлаймыз. Өтемақы төлеу, заң бойынша тиісті нәрсенің барлығы төленеді. Мен қайталап айтамын, барлығы заң аясында. Егер сот «ҚТЖ» немесе «Жолаушылар тасымалы» компаниясы зардап шеккенге белгілі бір соманы төлеуге міндетті десе, әрине компания төлейді», - деді ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов. 

Бұған дейін Қанат Әлмағамбетовтың зорлық көрген жолаушыдан кешірім сұрағаны жайлы хабарлаған едік. Сондай-ақ, қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтың осы іске қатысты неден күдіктенінін жариялаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы қыркүйекте «Тальго» пойызының жолсеріктері Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбеге бара жатқан жас әйелді зорлаған. Ол - Ақтөбе облысының тұрғыны. Кейін сот жолсеріктер Үмбетәлиев пен Құрманиязовты кінәлі деп танып, оларды екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы