ТЖ. «Оңтүстік» қолбасшылығы өңір тыныштығын күзетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшының тапсырамасымен қаңтардың 5-19 аралығында еліміздің барлық өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Осы уақытта әскери сақшылар лаңкестік пен бүлік шығарушыларға қарсы күрес жүргізу жалғасуда. 

«Оңтүстік» қолбасшылығының әскери бөлімшелері төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларын қамтамасыз ету мақсатында өз міндеттерін орындауда.

Қазіргі таңда әскери бөлімшенің қызметкелері аса маңызды объектілерді күзету сондай-ақ бақылау-режимін ұйымдастыруды жалғастыруда. Сонымен қатар блок бекеттерді күзетумен қатар қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. 

Әскер қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметін үйлестіріп, жауапкершілік аймағындағы басқада мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдарды бірлесе ұйымдастырып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы