ТЖ министрі ШҚО-ның су тасқынына дайындығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, министр облыстың ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталығына барды. Ол жерде төтенше жағдайлар кезінде, қауіпсіз жол қозғалысы, әлеуметтік объектілер, шұғыл және коммуналдық қызметтердің барлық ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттестігі жүзеге асырылады. 

112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі іске қосылғаннан бастап 284 351 қоңырау қабылдаған. 

Министр №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, өңір құтқарушыларының жарақтануындағы арнайы техника және жабдықтары мен су тасқынына дайын тұрған күштері және құралдарымен танысты. «ШЕРП» жол талғамайтын көлігі құтқарушылар арасында шұғыл жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуде өте танымал және құрметке ие болды. Осы арнайы техниканың арқасында қыс кезінде шамамен 38 адам жетуі қиын жерлерден құтқарылды, ендігі жерде оларды су тасқыны кезінде пайдалану жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Юрий Ильин Шығыс Қазақстанның ерекше климатын ескере отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін мотопомпалардың дайындығы, құтқару керек-жарақтарын қарап шықты. 

ТЖМ хабарламасына сәйкес көктемгі су тасу кезінде авариялық-құтқаруға  жұмылдырылған жеке құрам саны 708 дана Лиман атты бас киімі мен етігі бар гидрокостюммен жабдықталған. Өңірде су тасқыны жағдайы қиындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп күштер мен құралдар тобы құрылған: құрамында 3 мың адам, 24 112 бірлік техника және 370 мотопомпа бар, 108 эвакобекет дайындалған. 


Юрий Ильин қызметтік міндеттерді орындау кезінде қаза болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың естелік стелласына гүл шоғын қоюға қатысты. 

Сонымен қатар ТЖМ басшысы Шығыс қазақстанның өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша спортшыларды назартан тыс қалдырмады, олар биыл республикадағы жасөспірімдер мен ерлер командалары арасында чемпион болды. Ол спортшылардың жаттығатын департаменттің спорт манежіне барып, құрметке лайықты жеңістерімен құттықтады, - делінген ақпаратта.

Жұмыс сапарының бірінші күні соңында ТЖ министрі ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында өзінің төрағалығымен кеңейтілген жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Юрий Ильин облыс аумағындағы су тасқынына қарсы шаралар және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Төтенше жағдайлар санын азайту бойынша нақты тапсырмалар белгілеп және уақтылы болжам жасау бойынша жұмыстарды айқындады. Жиналысқа Су инспекциясы, «Казгидромет» ШҚ филиалының, Коммуналдық-техникалық қызмет өкілдері қатысты. 

ТЖМ басшысы жұмыс сапарының екінші күні облыстың су қауіпті орындарын әуеден бақылауынан басталады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы