ТЖ министрі өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы баяндады

ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Жыл сайын ТЖМ өрт қауіпті кезең басталғанға дейін орман-дала өрттерін сөндіру жұмыстарын ведомствоаралық үйлестіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жауапты мемлекеттік органдардың күштері табиғи өрттерді жоюға толық дайын емес және жеткіліксіз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Негізгі себептері – бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуының әлсіздігі, сондай-ақ алдын алу шараларын уақтылы қабылдамау. Бұл себептер осы өрт қауіпті кезеңнің өтуіне де теріс әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар орман өрттеріне уақтылы ден қоюға орманшылардың ерте анықтау жүйелері мен тұрақты радиобайланысы басты рөл атқарады, олар біздің ұлттық саябақтар мен қорықтарымыздың көпшілігінде жоқ, - деді Шыңғыс Әрінов.

Ол минералданған жолақтарды жасау және аумақты тазарту сияқты алдын алу шараларын қазірден бастау қажет екенін ерекше атап өтті.
Алдын ала болжамға сәйкес жаз ыстық, ауа температурасы 40 градустан жоғары болады деп күтілуде.

Шыңғыс Әрінов өрт қауіпті кезеңде ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дайындықта болатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы