ТЖ министрі: Биыл елімізде 49 шақырым су бөгеті салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде 49 шақырым су бөгеті салынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша жол картасы жүзеге асырылуда. Бұл су басу қаупін 998 елді мекеннен 370-ке дейін азайтуға мүмкіндік берді. Биыл 49 шақырым бөгет салынды және жөнделді, 75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ 47 шақырым өзен арналарын түзету және 46 шақырым түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады министр.

Оның айтуынша, қабылданып жатқан шаралар материалдық шығынды едәуір қысқартуға, инфрақұрылым мен тұрғын үйді су тасқынынан сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы