ТЖ министрі: 60 су қоймасына мониторинг жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл турады Орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.
Министр атап өткендей су тасқыны кезеңі ерекше бақылауда. Өңірлерде елді мекендерді су басу қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күшімен 9 өңірдегі 49 елді мекеннің көшелері мен аула маңындағы аумақтардан 234 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Елді мекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылды. 4 мың шақырым канал мен 7 мың шақырымға жуық арық, 20 мыңнан астам автомобиль және 3 мың темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар мен 900 мың қаптар дайындалды, -деді Юрий Ильин.
Оның атап өтуінше, министрлік және ТЖ департаменттері су тасқыны жағдайының дамуына айтарлықтай әсер ететін 60 су қоймасына мониторинг жүргізуде.
Бүгінгі таңда су қоймалары, орталық ал солтүстік облыстар 60-70% - дан астамға толған. 2022 жылғы 3-29 наурыз аралығында өзендердің 57 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. ТЖ департаменттері 2000-ға жуық елді мекенді тексерді, оның ішінде 197 ауылдық округ әкімдеріне су тасқынына дайын еместігі туралы ескертулер берілді. Эвакуацияланатын халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелерін қабылдаудың 2 502 пункті дайындалып, маршруттар жаңартылып, көліктер анықталды, - деді Төтенше жағдайлар министрі.