ТЖ мамандары қауіпсіздік ережелері туралы ескертті

Ақтөбеде жыл басынан бері 3 адам өртен көз жұмып,6 азамат түрлі жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыту маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар депарматенті мамандары тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертіп, үй-үйді аралап жүр, деп жазды «Хабар 24». 

Бірінші кезекте саяжайлар мен қала іргесіндегі ауылдарға көңіл бөлген. Әсіресе, баспананы көмірмен жылытып отырғандар назарда. Құтқарушылар төтенше жағдайдың алдын алу мен бола қалған кездегі іс-әрекетті түсіндіріп, ескерту қағаздарын таратуда.

Ақтөбе қаласында жүздес астам үй бар пешпен жағатын. Осындай үйлерде жаңағы улы газбен уланып қалудың алдын алу мақсатында, он отбасына өрт сөндіргіштер және пештің алдына орналастыруға арналған датчиктер орнататын боламыз, - деді ТЖБ бөлім бастығы Аслан Арзымбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы