ТЖ кезінде қанша адамның ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин хабарлады.
ТЖ кезеңінде медициналық ұйымдарға көмек сұрап 2740 зардап шеккендер жүгінді. Олардың ішінде амбулаториялық көмекті 1843 адам алды. 897 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың 188-і жансақтау бөліміне түскен. Бүгінгі таңда 891 адам емделіп шықты, - деп атап өтті комитет төрағасы.
Сондай-ақ ол медициналық мекемелердің қабырғасында қанша адамның қайтыс болғанына тоқталды.
177 адам медициналық ұйымда қайтыс болды. Қазіргі уақытта Алматы мен Қызылордада үш-үштен алты адам стационарда ем қабылдап жатыр. Еліміздің үш аймағында балалар да зардап шеккен. Екеуі Алматыда оқ тиіп жаралану салдарынан қайтыс болды. Жетеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде төртеуі – Алматыда, екеуі – Алматы облысында, біреуі – Жамбыл облысында, - деді Бауыржан Байсеркин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев «Pfizer» вакцинасының неліктен елімізде ақылы түрде салынбайтынын түсіндірген болатын.