ТЖ кезінде 600 мыңнан астам ЭЦҚ берілді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТЖ кезінде 600 мыңнан астам ЭЦҚ берілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.
Асқар Жұмағалиев қызметтерді автоматтандырумен қатар бірқатар мемлекеттік қызмет алынып тасталғанын айтты.Мекенжай анықтамасын алу құжатын айналымнан алып тастадық. Себебі, анықтамалық қағаздар бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға сұралады. Интеграция аясында осы сынды 5 құжат алынып тасталды. Жыл соңына дейін тағы 25 құжат айналымынан алынады. Осылайша, азаматтардың мемлекеттік қызмет алуын жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Жыл бойы азаматтарды ақпараттандырып отырамыз, - деді Асқар Жұмағалиев.
Министр халыққа жақын болу үшін мобильдік платформалар жұмыс істеп жатқанын айтты.
Олар халыққа қажетті қызметтерді ұсынып отыр. Аталған платформада қызметтің 60 түрі көрсетіледі. Біз 26 қызметті қамтитын Telegram-боттарды белсенді ілгерілендіріп жатырмыз. Қалтадағы телефон арқылы ХҚО-ның жұмысы - өте дұрыс шешім. Бұл идеяны жүзеге асыруды жалғастырамыз, - деді министр.
Министр электронды цифрлық қолтаңбаға қатысты көп сын айтылғанын жеткізді.
Бұл қызметті алудағы бағдарламаны дамыту мәселесі көтерілді. Бұл жерде біз қандай проблема бар екенін түсініп отырмыз. Қазір азаматтар 90 мемлекеттік қызметті SMS құпиясөзі арқылы ала алады. Бұлар - анықтамалар мен сервистер. Алайда компания ашу, мекенжайға тіркелу, көлікті қайта тіркеу қызметтеріне ЭЦҚ қажет. ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай алу ұсынысы көп айтылды, - деді министр.
Жұмағалиев ТЖ кезінде ЭЦК-ны қашықтан алу мүмкіндігін тез арада жүзеге асырылғанын айтты.
Пайдаланушыны жеке тану видео арқылы жүргізілді. ТЖ кезінде 600 мыңнан астам ЭЦҚ берілді.Бұл үрдіске ХҚО-ның 800-ден астам қызметкері қатысты. ЭЦҚ-ны қолдану үрдісін жеңілдету ұсынысы жиі айтылады. Себебі, азаматтарға бағдарлама орнату қиынға соқты. Қазір үрдісті жеңілдету бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат цифрлық технологияларды реттейтін заңды қабылдады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы