ҚТЖ Инновациялы-технологиялық даму жол картасына қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашасында "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Трансмашхолдинг" ЖАҚ (РФ), "Локо Тех-Сигнал" ЖШҚ (РФ) Қозғалыс қауіпсіздігі мен инновациялы-технологиялық дамуға бағытталған, бірлескен жобалардың жол картасына қол қойды.

Құжатқа "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарушы директор – бас инженер Батыр Котырев, "Трансмашхолдинг" ЖАҚ техникалық директоры Михаил Рожков және "Локо Тех-Сигнал" ЖШҚ бас директоры Андрей Романчиков қол қойды.
Б.Котырев Компанияның әрқашанда уақыт талабымен қадам басып жүретінін және де тек озық технологиялары бар сенімді серіктестермен ынтымақтасатынын атап көрсетті.

Жол картасы тасымалдау процесі технологиясының тиімділігі мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, инновациялы-технологиялық дамытуға бағытталған, жобаларды жүзеге асыруды қарастырады

.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы