ТЖ: Алаяқтар супермаркеттен азық-түлік жеткіземіз деп алдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяқтар супермаркеттен азық-түлік жеткіземіз деп алдауда. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.

Мессенджерлерде Magnum супермаркеттер желісі атынан жіберілген хабарламалар кеңінен таралып жатыр. Онда төтенше жағдай режиміне байланысты азық-түлікке тапсырыс беруге болатын MagnumGO қосымшасы жұмыс істемейтіні және енді телефон арқылы тапсырыс беріп, ақшаны картадан картаға аудару арқылы төлеуге болатындығы айтылған. Бұл алаяқтардың ісі.

Алаяқтар туралы ескерту Magnum супермаркеттер желісінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Тапсырыстарды қабылдау және жеткізу MagnumGO қосымшасында жүргізіледі, төлем қосымшада онлайн, тапсырысты алған кезде карта арқылы жүзеге асырылады. Сіздерден сақ болуларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы