Тыйым салынған жерде шомылғандарға 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың су айдындарында рейдтер жүргізу барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда, мас күйінде суға түсу және тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 28 жеке тұлға ӘҚБК-нің 412-бабы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 362 мың 250 теңге сомасына айыппұл салынды.Негізінен, мас күйінде демалушылар, қараусыз қалған балалар және тыйым салынған жерлерде шомылатын азаматтар жазатайым оқиғаларға тап болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, Алматы облысының ТЖД шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы