Ресейліктер Жаңа жыл қарсаңында жаппай тышқан алып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында ресейліктен кеміргіштерді жаппай сатып алып жатыр. Тышқанға деген сұраныс екі еседен асып кетті. 

Себебі, Қытай күнтізбесі бойынша 2020 жылы ақ тышқан жылы болады. Бұл туралы жарнама порталының зерттеуіне сүйеніп "Аргументы и факты" газеті жазады.

Басылым ветеринарлардың арасында сауалнама жүргізген. Олар тышқанды сыйлыққа беруге болмайды деп сендіріп отыр. Сыйлық керексіз болып қалып, сыйлық ұнамаған жандар жануарды көшеге лақтыруы әбден мүмкін.

Жануарларды қорғаушы Карен Даллакян қаладағы қоқыстардан ақ немесе көкшілдеу түстегі тышқандарды жиі көретінін айтты.

Бұлар – иелері лақтыра салған тышқандар. Олар адамнан қорықпайды. Үйдің қасына еркін келеді. Ал жабайы болса, алыстан қашар еді. Сондықтан бұлар қолға үйретілген тышқандар. Осылай қоқыстан қоқысқа жүріп, қанша ауру таратады!, - деді Даллакян. 

Ол тышқанды тек арнайы дүкеннен алуға кеңес береді және міндетті түрде, олардың талдау нәтижелерін сұрау керектігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы