Жапониялық тырнақтан неке жүзігінің тасын жасап шығарған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неке жүзігінің тасын өз тырнақтарынан жасаған Жапония тұрғыны желіні шулатты.


The Sun хабарлауынша, Kiwami Japan YouTube-каналының авторы бір жыл бойы өзінің тырнақтарын жинап жүрген. Қажетті мөлшерді жинап болған соң ол тырнақтан "бриллиант" тасын жасауға кіріскен.   

Алдымен жапониялық тырнағын ұнтаққа айналдырған, алынған массаны 90 минутқа микротолқынды пешке салып қойған. Кейіннен пайда болған қоймалжың затты қысып тығыздайтын құрал арқылы силиконнан жасалған ромб тәрізді қалыпқа салып қойған.






Бірнеше сағат өткен соң ер адам қара түсті тасты алып шығып, оны өңдеп, күміс жүзікке салды. 



Көптеген желі қолданушылары бұндай сыйлықтың жиіркенішті екенін айтты. Ал басқалары жапониялықтың тапқырлығына тәнті болып, қабілетіне таң қалды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы