Тыныштықты бұзған 3 мыңға жуық шығысқазақстандық жауапқа тартылған
Жыл басынан бері тыныштықты бұзған 2914 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес, таңертеңгі сағат 9-дан 22-ге дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін, шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, шумен сүйемелденетін тұрғын үйде және одан тыс жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тыныштықты бұзу тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелері жұмыс күндері таңғы 9-дан 22-ге дейін, демалыс және мереке күндері таңғы 10-нан 23-ке дейін – жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл осындай әрекет – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті көршілеріне құрметпен қарауды және заңдылықтың бұзылуына жол бермеуді сұрайды.