15 Ақпан 2026, 07:27 Фото: pexels.com

Тынық мұхиты аймағында 6,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Тынық мұхитында жер сілкінді. Дүмпу шамамен 1 минутқа созылған.

АҚШ Геологиялық қызметі Тынық мұхиты Вануату елінің жағалауында 6,4 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Gismeteo деректеріне сәйкес, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Порт-Олриден солтүстік-батысқа қарай 53 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісініңошағы 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Сейсмикалық белсенділік 14 ақпанда Гринвич уақытымен сағат 02:27-де болған.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Порт-Олри жағалау курортының тұрғындары жер сілкінісін "өте күшті" деп сипаттаған. Олардың айтуынша, дүмпу шамамен бір минутқа созылып, үйлердегі жиһаздар мен заттар шайқалған.

Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.

Халқы шамамен 320 мың адамды құрайтын Вануату Тынық мұхитының Отты шеңбері аймағында орналасқан. Бұл – Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты алабын қамтитын жоғары сейсмикалық белсенді аймақ. Мұнда жер сілкіністері жиі тіркеледі.