"Тынығып жатыр дедіңіз бе?" - Судья көріпкелді сұрақ астына алды

Бишімбаевтың сотында шымкенттік көріпкел Бишімбаевқа қандай кеңес берген? Бүгін сот процесінде судья Айжан Құлбаева куәгерге бірнеше сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья: Ол тынығып жатыр дедіңіз бе? Солай айттыңыз ба оған?

Көріпкел: Мен оның ұйықтап, тыныққысы келетінін айттым. Мен өзім не сездім соны айттым.

Судья: Оны сөйлескен кезде қалай сездіңіз? Мұны қалай түсінуге болады?

Көріпкел бұл түйсігін түсіндіре алмайтынын айтты.

Судья: Сіздің қандай да қабілетіңіз бар ма?

Көріпкел: Сәл ғана. Бұл әр адамда бар нәрсе 

Судья: Сіз өзіңіздің түйсігіңіз арқылы сотталушыға ұйықтап, тынығу керегін айттыңыз. Солай ма?

Шымкенттік көріпкел бұл сөздерін сотталушы Бишімбаевқа бірінші рет звондағанда айтқанын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін көріпкел Бишімбаевтың адам төзгісіз екенін айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы