#tyndau жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы электронды қызметтерді бағалауда клиентке бағдарланған тәсілді енгізуді талап етеді, яғни мемлекеттік қызметшілер көзімен емес, цифрлық сервистерді тұтынушылар: азаматтар мен кәсіпкерлердің көзқарасын ескеру көзделеді.
Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Президенттің кеңесшісі Бағдат Мусинмен бірлесіп #tyndau жобасын әзірледі, жоба аясында әркім мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі қатысушысы бола алады және қолжетімді цифрлық мемлекет құруға үлес қоса алады.
#tyndau ерікті-қолданушылар пікірі аясында құрылған. Жобаға қатысу үшін электронды қызметті алып және барлығын tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-анкетада белгілей отырып оның әрбір қадамын бағалау қажет. Бұл оңай және көп уақытты алмайды. Осы жоба мемлекеттік қызметтер бойынша тек қана шағымдар жинаудан аулақ екендігін түсінген маңызды (ондай шағымдар онсыз да әлеуметтік желілерде көп), біздің мақсатымыз жинақталған кері байланыс алу және де осылардың негізінде талдау жасап, мемлекеттік органдарға қажет емес қадамдарды алып тастау, көрсету процестерін жеңілдету бойынша және т.б. нақты ұсыныстар беретін боламыз - делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі таратқан ақпаратта.
Осы аптада қарастыру үшін екі қызмет алынды:
- Паспорт, жеке куәлік алу;
- Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу.
Егер жобаға қатысқыңыз келсе пікірге + таңбасын қойыңыз және Сізбен жақын уақытта @tyndaukz аккаунтынан байланысады және бағыттар береді.
Сондай-ақ, егер Сізде басқа да қызметтер бойынша мәселелер туындаса, мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарындағы пікірлеріңізге #tyndau хештегін қойыңыз, мемлекеттік қызметтің толық атауын көшіріп жазыңыз және өзіңіздің мәселеңізді еркін мәтінде жазып шығыңыз, қандай қателіктер болды, нені шеше алмадыңыз және т.б. Сіздің мәселеңізге құлақ асады және Сіз оның нәтижесін көресіз (#tyndau -ға пікір қалдыру нысанын сақтаңыз "қызмет атының көшірмесі", "мәселеңіз"). Мемлекеттік қызметтерді алушылардың көптеген мәселелерін біз бірге шеше алатынымызға сенімдіміз! - делінген хабарламада.