Тылсым: Әйгілі көлде адам шошырлық құбыжық камераға түсіп қалды

Құбыжықтар мекен ететін аңызымен әйгілі Лох-Несс көлі көп уақыттан бері тағы да назарға ілікті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

dailymail.co.uk таратқан мәліметке сүйенсек, Шотландиядағы Драмнадрочитедедегі Лох-Несс көлін зерттеу орталығы көлдің солтүстік шетіндегі Дорес жағажайында жасалған жаңа түсірілімді жария етті.

Онда су астындағы әлдебір сұр бейне камера объективіне түсіп қалған.

Суретке түсіріп алған ер адам бірнеше минут бойы оны бақылаған. Бұл 2025 жылғы миф құбыжығының алғаш рет бой көрсетуі болып отыр.

Осы жылдар бойы бір көп бақылау жүргіздік, бірақ бұл соңғы бақылауымыз адам таңқаларлықтай болды. Осы бақылау күнгі жағдай керемет еді. Бұл соңғы жылдар ішіндегі ең адам сенгісіз бақылауымыз. Осылайша, Лох-Несс көлі мен оны мекендеушілердің құпиясы тереңдей түседі, - деді орталықтың бас директоры Нагин Ишак.

Айта кетейік, Шотландиядағы әлемге аты әйгілі Лох-Несс көлі құпияға толы. Жалпы осы күнге дейін көптеген адам аталған көлдегі ғылымға белгісіз, алып құбыжықты көргендіктерін үнемі айтып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Loch Ness Centre
Өзгелердің жаңалығы