Тянь-Шань қоңыр аюлары фототұзаққа түсті
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы фототұзаққа 5 үлкен Тянь-Шань қоңыр аюлары және 3 қонжық түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған фототұзақтарға сәуір айының 6-сы мен қыркүйек айының 6-сы аралығында 5 үлкен Тянь-Шань қоңыр аюлары және 3 қонжық түскен, - делінген комитет хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, аюлардың бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.
Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аталмыш жыртқыш жиі кездеседі.
Санақ жұмыстарының нәтижесінде Жоңғар Алатауында Тянь-Шань қоңыр аюларының санының жыл сайын артқаны байқалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 жылда туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция тартылды
Өзгелердің жаңалығы