9 Қаңтар 2021 2021, 11:32

Тwitter Дональд Трамптың аккаунтын мүлдем жауып тастады

Алматы, BAQ.KZ. Тwitter  АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын мүлдемге жауып тастағанын мәлімдеді.

Алматы, BAQ.KZ. Тwitter АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын мүлдем жауып тастағанын мәлімдеді.

Біз @realDonaldTrump аккаунтында жақында жарияланған жазбаларды мұқият саралай келе берекетсіздікті одан әрі қоздырмау үшін бұл аккаунтты мүлдем жаптық, - делінген хабарламада.

Бұған дейін модераторлар Тwitter-дегі Д. Трамптың үш жазбасын өшірген болатын, одан кейін президенттің жеке аккаунты 12 сағатқа бұғатталған.