"Туысына келіп, төбелес шығарған": Астанада фельдшерді ұрған ер адам ұсталды
47 жастағы ер адам ауруханаға туысына барған.
Астанада полиция қызметкрелері медицина қызметкеріне шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жағымсыз оқиға ауруханалардың біріндегі қабылдау бөлімінде болған. 47 жастағы ер адам ауруханаға туысының жағдайын білуге келген.
Алайда, белгіленген ережеге сәйкес, кезекші фельдшер одан жеке мәліметтерін ұсынуды және келушілерге арналған ресми уақытта келуді сұраған.
Медицина қызметкерінің заңды талабына бағынғысы келмеген ер адам жанжал шығарып, фельдшерді ұрып жіберген. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.
Полиция қызметкерлері медицина қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш көрсету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. 47 жастағы ер адамның қабылдау бөліміне туысына барғаны анықталды. Кезекші фельдшер одан мәлімет беруді және қабылдау уақытында келуді сұраған. Алайда ер адам бұған келіспей, фельдшерді ұрып жіберіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны ұстады, қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде, деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада дәрігерге қол көтерген тұрғын жазаланды.
Сондай-ақ, дәрігерді ұрғандар енді қатаң жазаланатыны айтылды. Заң қабылданды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды.
Астанадағы лифт ішіндегі жағдай: Бала өзінен үлкендердің әлімжеттігіне қарсы тұрды.
Астанада балалардың көліктерді қиратқаны видеоға түсіп қалды.