Туысын да аямаған: Ақтөбеде "жеңілдікпен" куәлік алып бермек болған алаяқ ұсталды
Күдікті белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алып беретінін айтқан.
Полиция қызметкерлері бірнеше азаматтың арызы негізінде алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесуге уәде еткен. Нәтижесінде оған төрт азамат алданған. Олардың арасында күдіктінің туысы да болған. Оған да тіпті «жеңілдік» жасаған.
Алған ақшаны күдікті жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеден асады. Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді тек заңды түрде, уәкілетті органдар мен ресми сервистер арқылы алу қажет екенін айтады.
«Жеделдетіп беру» немесе заңсыз жолдармен қызмет көрсету туралы ұсыныстар қаржылық шығынға және делдалдармен қатар, азаматтардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және осындай фактілер туралы полицияға хабарлауға шақырады, - деді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деген тиктокер ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
«Трассада жарысатындар бар ма?»: Ақтөбелік жүргізушілердің көлігі айып тұрағына кетті
Астанада жүргізушілер жол үстінде "разборка" жасады