Туыстарының атына рәсімдеген: Таиландтан есірткі тасымалдағандарға үкім шықты
Сәлемдемелер бөгде адамдардың атына жіберіліп отырған. Құқық қорғау органдары қандай көлемде есірткі тәркіледі?
Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот Таиландтан есірткі контрабандасы арнасын ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Тергеу мен сот анықтағандай, сотталушы халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Есірткі заттары сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.
Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, 5,7 килограмнан астам каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды, - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.
Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59
- Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды 19:41
- Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты 19:18
- Инвестиция тарту: Үкімет не істеді, биыл не өзгерді? 18:59
- «Реалдан» бастап Джей Ло мен УЕФА Суперкубогына дейін: Қазақстандағы әлем назарын аударған оқиғалар 18:42
- «Көкірек көзі ояу болсын»: Астанада балаларға арналған «Айналайын» кітабы таныстырылды 18:17