Туыстар арасындағы ақша аударымдары тексерілмейтін болды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жақын туыстар арасында ақша аударымдары тексерілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс кулуарында Қаржы министрлігі өкілі ақша аударымдары қай уақытта тексерілетінін түсіндірді.
Егер де анасы баласына, әкесіне, ағасына ақша жіберетін болса, ешқандай мәселе жоқ. Ақша көлемі 1-2 млн теңге болса да, сұрақтар туындамайды. Ал егер әртүрлі 100 жеке тұлға үш ай қатарынан бір адамға ақша аударатын болса және сома 1 млн теңгеден асатын болса, онда тексеруге ілігеді, – деп айтты Біржанов.
Бұған дейін Қазақстанда төлем карталарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар енгізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Нақтырақ, банк карталарын ұстаушыларға бақылау күшейтіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, енді бір банкте бестен көп карточкасы бар қазақстандықтар тәуекелі жоғары санатқа жатқызылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы бір оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады
Өзгелердің жаңалығы