Түймебаев #ABAI175 эстафетасын жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев жалғастырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызынан қабылдап, көпшілікке жолдаған хакім Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан халқы Ассамблеясы қызу жалғастыруда. Бүгінгі таңда челленджді қолдап, қазақ тілінде ақын өлеңдерін оқыған этнос өкілдерінің саны 100-ден асты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этно-мәдени бірлестіктерді ары қарай ынталандыру мақсатында ұлы ойшылдың 37 қарасөзін оқып, #ABAI175 эстафетасын жалғастырды.
Бұған дейін Абай өлеңдерін оқу эстафетасына этнос өкілдері де қатысатынын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысы "Туған жер" жобасы бойынша үздіктер қатарында
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы