Түйе еті Жапония нарығына шығады
Ғылым қоры қолдаған жобалар Жапония нарығына шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Foodtech Japan Tokyo» - Жапониядағы тамақ технологиясы мен кәсіпорынды автоматтандыру саласындағы ең ірі көрме.
Қазақстандық тарап тамақ өнеркәсібі саласындағы бірнеше ғылыми шешімдерді ұсынды.
Ұсынылған жобалардың бірі – түйе етінен ет өнімдері мен ет және өсімдік консервілерін өндіру технологиясы.Жобаны биология ғылымдарының докторы, профессор Әсия Серікбаеваның жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының гранттық қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми қызметкерлері тобы жүзеге асыруда. Ақуыз мөлшері жоғары болса да (29,8% дейін), оларда холестерин жоқ. Түйе еті фосфор, калий, темір және А, В1, В2, В9, РР, С және Е дәрумендеріне бай, - делінген ақпаратта.
Жапон нарығынан бөлек қазақстандық өнімдер Орталық Азиядан келген бизнесмендердің де қызығушылығын тудырды.