Тұтынушылық несиелерге шектеу қойылмақ – экономист
Бұл туралы экономист Жанат Нұрғалиев жолдау аясында Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мәселелерін талқылауға арналған ашық диалогта айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі кездегі ең басты мәселе – шағын және орта бизнесті қолдау. Өкінішке қарай, қазір 31 триллион теңге несие алсақ, соның ішінде 18 триллион теңге – шағын және орта бизнеске қатысы жоқ тұтынушылық несиелер және жеке тұлғаға арналған несиелер. Ол – 60 пайыз. Сондықтан қазір президент айтқандай, жаңа банк туралы заң керек. Талаптарды күшейту керек, - деді ол.
Маман тұтынушылық несиелерге шектеу қойып, қарапайым халықтың бизнес ашуына несиені қолжетімді ету керегін атады.
Қазіргі кезде тұтунушылық несиелердің максималды жылдық мөлшерлемесі – 54 пайыз. Оны қазір 44-ке төмендету жоспарланып жатыр. Соны төмендету керек және несие портфеліне шектеу жасау керек. Тұтынушылық несиелер тойға, айфонға алынады ғой. Соны жою керек және халықтың қаржылық сауатын көтеру керек. Бизнес ашуға ниет болса, соған жағдай жасау керек, - деді экономист.