Тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты заң жобасы ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Депутаттарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше жаңа заңнамалық түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтеді.
Бұл заң жобасы тұтынушылардың құқығын қорғаудың тұтас және түсінікті жүйесін қалыптастыруға, тұтынушылық дауларды сотқа дейін қарау мәселелерінде ҮЕҰ-ды институционалдық нығайтуға және белсенді пайдалануға, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және материалдық залалдың орнын толтыру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін қайта бағдарлауға бағытталған түзтулелер енгізілу көзделген.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары цифрлық технологияларды реттеу мәселелері туралы заңнамалық түзетулерді I оқылымда қарамақ.
Заң жобасының негізгі мақсаты – цифрлық технологиялады дамыту және енгізу үшін құқықтық негіз құру, цифрлық технологияларды енгізу және қолдану арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру кезінде жағдайлар жасау болып табылады.
Сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.
Бюро отырысында депутаттар назарына әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.