Бүгiн 2026, 00:14
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Түтінге уланған: Ұлытау облысында жанып жатқан үйден ер адам құтқарылды
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Ұлытау облысының Қаражал қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Шайхина көшесінде тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері жедел әрекет етіп, үй ішінен 1971 жылы туған ер адамды құтқарып үлгерді. Ол түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар құтқарушылар үй ішінен жалпы көлемі 27 литр болатын алты газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.