Түсіпов жол-көлік оқиғаларының себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.
2020 жылы жол-көлік оқиғалары 19 пайызға, қаза болғандар саны 17 пайызға және жарақат алғандарды 20 пайызға азайды. 2020 жылы 5,6 млн жол жүру тәртібін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 2 млн дерек жылдамдықты арттыру мен 1,6 млн жол белгілерін елемеу бар. Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 21,4 жүргізуші куәлігінен айырылды. 21 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.Серік Түсіпов айтқандай, жолдардағы өлім-жітім қозғалыстың үш түріне қатысты болады.
Бұл - жаяу жүргіншілерді соғу, көліктердің аударылуы мен соғысуы. Осы жол қозғалысы түрінен қайтыс болғандар саны барлық жол апаттарынан қайтыс болғандардың 60 пайызын құрайды, - деді ол.Сонымен қатар, ол қала сыртындағы жолдарда болатын апаттар туралы да айтып өтті.
Былтыр 1456 жол-көлік оқиғасынан 400-ден астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды. Жол-көлік апаттарын азайту мақсатында бақылау камераларының саны көбейді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның тағы бірнеше футболшысы Ресей клубтарына ауыспақ
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы