Тұсаукесер: Әдебиет порталында жаңа жоба
"Әдебиет порталы" жаңа "Әдеби дискурс" YouTube жобасын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Подкаст алаңында қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары, поэзия мен прозадағы көркемдік ізденістер, әдеби сынның жай-күйі, цифрлық дәуірдің әдебиетке ықпалы сияқты өзекті тақырыптар талқыланады. "Әдеби дискурс" подкасының алғашқы шығарылымында әдебиеттанушы ғалым Саржан Такиров пен ақын, аудармашы Мақпал Мысаның еуропа, әлем және қазақ әдебиетінің жетістіктері жайлы айтады.
Біздің 60-жылғы әдебиет, өте мықты әдебиет. Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әбдіков, Т. Әлімқұлов, С. Мұратбеков, Қ. Жұмәділов жазушы, әдебиетші ретінде өздерінің міндеттерін мықты атқарған. Олар социалистік реализмнің таптық, партиялық ұстанымдарына басымдық беріп, сол шеңберде тұмшаланып қалған жоқ. Керісінше, әдебиеттің басты мұраты адам және оның жан дүниесі деген қағиданы терең зерделей отырып, соған толыққанды жауап берді, - деді ғалым Саржан Такиров.
Шығарылымның толық нұсқасын төмендегі видео арқылы көре аласыз.