"Тұрып келдік". Қостанайлық мінген пойызда тарақан қаптаған
Алматы-Қостанай пойызының жолаушылары тарақандардың кесірінен түні бойы ұйықтамаған, деп хабарлайды BAQ.KZ alau.kz-ке сілтеме жасап.
24-25 шілдеге қараған түні 19-вагоннан тарақандар шыққан. Анастасия Егель ҚТЖ әкімшілігіне вагондарда тәртіп орнатуды және дезинфекция жүргізуді талап еткен.
Бұл 21 ғасыр! Мұндай жағдайда қалай адамдарды тасымалдайды. Жаңа пойыз, бірақ тарақандар өте көп! Түнімен барлық жолаушы ұйықтамады, - деді Анастасия Егель.
ҚТЖ баспасөз қызметі пойыздың жеке тұлғаға тиесілі екенін хабарлады.
Аударған: Саяжан Құдайберген
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғарыштан бақылау елге не беріп жатыр?
Өзгелердің жаңалығы